Сара Назарбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін көпшілік алдына шықты (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Сара Назарбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін көпшілік алдына шықты (ВИДЕО)

02.12.2016, 09:41

Мемлекет басшысының әйелі Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің 9-шы есеп беру отырысына қатысты деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен білім басқармасының қызметкерлері жиналды. Кеңестің басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер мен студенттердің рухани құндылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

«Қазіргі адамдар ең басты нәрсені ұмытқан. Бастысы дегенім, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілікті шетке ысырып қойған. Ең алдымен біз, үлкен адамдар өзімізді рухани тұрғыда тәрбиелеуіміз керек», - деді «Бөбек» қоғамдық қорының президенті Сара Назарбаева.

2016 жылы «Бөбек» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бірнеше пилоттық жоба енгізді. Аталмыш бағдарламаны жүйелі түрде жұмыс жасап, болашақта барлық оқу орындарына енгізу жоспарланған.

Пікір  

+ +1 Мэри 04.12.2016 21:54
Сізді сағындық, аман есен жүріңіз!
Жауап беру
+ 0 Ырысты 05.12.2016 14:05
Сәлеметсіз бе сіз ана және басшы ретінде өте мирімді жансыз
Жауап беру
+ 0 Саке 06.12.2016 00:03
Өмірден қалмаңыз халық сізді көп күтіп қалды елге деген мейрімділікті жасай беріңіз
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші