Экспо-2017 - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Экспо-2017

ЭКСПО аяқталған соң халықаралық көрмеден қалған баспаналарға студенттер көшуі мүмкін деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Сенаторлар тұрғын үй кешендерінің бір бөлігін жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қыз-жігіттерге жатақхана ретінде үлестіруді ұсынды.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев соңғы кезде ел арасында көп талқыланып жүрген «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттерін сатуда тиімді әдісті қолданғалы отырғанын айтты деп жазады Nur.kz.

Атырауда ЭКСПО-2017 көрмесінің үлкен баннерін батпақтың қақ ортасына орнатып қойған. Жергілікті тұрғындардың бірі бұл көріністі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Баннердің бағаны қыстыгүні Құрсай ауылының маңына қағылған.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы EXPO-2017 кешеніндегі декоративті көпірдің құлауына не себеп болғанын айтып берді деп жазады Tengrinews.kz.

Биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Алайда, оның тек 15 пайызы ғана шетелдіктер. Қалған 85 пайызы Қазақстан азаматтары деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанадағы ЭКСПО ғимаратында түсірілуі мүмкін деген сурет әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Онда ғимаратты тіреп тұрған үлкен темір қаңқаның жарылып, құлайын деп тұрғаны бейнеленген. Алайда, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдері бұл фотосуреттің Астанадағы ЭКСПО кешеніне еш қатысы жоқ екенін айтып отыр.

Егер әлеуметтік желіде тараған осынау фотосурет расымен де ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болса, көп ұзамай бұл нысан да қирап қалуы бек мүмкін. Бұған дейін Халықаралық көрме орталығында бой көтерген зәулім көпірдің күл-талқаны шыққан болатын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдени бағдарламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ғимараттарын салумен айналысып жатқан құрылысшылардың бірі құрылыс алаңында қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанға ұлттық әуе тасымалдаушының ұшағымен келетін қытайлық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне тегін кіре алады. Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Страница 1 из 3

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші