Нұрлы жол - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Нұрлы жол

Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп жатыр, отырыс барысында 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары мен биылғы жылға жоспарланған жұмыстар қарастырылуда деп жазады Премьер-министрдің ресми сайты.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Индустрия 4.0» процесін Қазақстанда дамытуға айрықша назар аударған болатын. Көпшілікке «Индустрия 4.0» ретінде белгілі төртінші өнеркәсіптік революция бүгінде әлемдегі жаһандық экономикалық маңызы бар тенденцияға айналды. «Индустрия 4.0» өнеркәсіп салаларын трансформациялау үшін алдыңғы қатарлы ақпараттық коммуникациялық технологияны кеңінен қолдануға қажет. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай дейді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана станциясының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті деп жазады Primeminister.kz.

Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 25 жыл толып отыр.

Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 25 жыл толып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз.

Бүгінгі ұрпақты бейбіт өмірге жеткізген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың парызы.

Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы болған Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толып отыр.

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгелденіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «ЕХРО-ның жаңа жылдық алауы» Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Елбасының атынан 200 балаға планшет пен жылы сырт киімдер табыстады.

Страница 1 из 112

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші