Астанадағы Түркия азаматтары қазақтарды Тәуелсіздік күнімен қазақша құттықтады (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Астанадағы Түркия азаматтары қазақтарды Тәуелсіздік күнімен қазақша құттықтады (ВИДЕО)

13.12.2016, 10:56

Астана Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығындағы Түркия азаматтары қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бейнеролик әзірледі.

Орталықтың түрік оқытушылары барша қазақстандықтарды қасиеті мерекемен құттықтай отырып, Тәуелсіздіктің баянды болуын, бауырлас екі ел арасындағы достықтың мәңгі болуын тіледі.

Айта кетейік, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы 2010 жылы ашылды. Мақсаты екі бауырлас ел арасындағы мәдениет және өнер саласындағы байланысқа үлес қосу, дамыту.

Орталықта түрікше курс жүргізіледі, сондай-ақ Түркиядан келген мұғалімнің жетекшілігінде мозаика курсы жұмыс істейді. Түрікше курстарды Түркиялық мұғалімдер өткізеді. Орталық сондай-ақ көптеген мәдени шаралар өткізіп тұрады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші