Ақпараттар ағыны - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ақпараттар ағыны

Астанада орын алған жан түршігерлік жол апатынан төрт адам ауыр жарақат алды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желілерде жариялауда.

Гананың орталығында орналасқан Кинтампо қаласындағы туристер арасында танымал сарқырамада қайғылы жайт орын алды. Үлкен ағаш құлап, 20-дан астам адамды мыжып қалған деп жазады BBC News.

Астанадағы Орталық әмбебап дүкенінің ғимараты тұтастай сүрілетін болды. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Ұлыбритания полициясы 11 жасар қыздың жүкті болуы туралы мәліметті тексеріп жатыр. Егер кішкентай қыз аман-есен босанса ол ең жас ана ретінде рекордтар кітабына енеді деп жазады The Independent.

Шымкенттік полицейлер 30 жастағы жеңгетайды қолға түсірді. Ол әр қыз үшін клиенттерден 2 мың теңгеден алып отырған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазқстанның бірқатар жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы тағы өсті деп жазады Tengrinews.kz.

Кениядағы Масаи-Мара қорығында 4 метрлік алып питон салмағы 70 келі тартатын гиенаны жұтып қойды. Бұл көріністі бейнекамераға голландиялық турист Джос Баккер түсірген және National Geographic телеарнасында көрсетілді.

Синоптиктер 2017 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссияның (ВАК) бақылауына 53 нысан алынған, оның 38-ін айрықша проблемалық деп атауға болады, олар бойынша құрылыс жүргізушілер тартылған қаражатты мақсатына сай жұмсамаған немесе жымқырған деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Америкалық 14 жасар Найки Венант есімді жеткіншек қыз Facebook желісіндегі тікелей эфирде өзіне қол салды. Бұл қадамға ол анасына деген ренішінен кейін барған. Сұмдығы сол, 3 сағаттық трансляцияны қыздың анасы Джина Кейз де тамашалап, оны суицид жасауға өзі итермелеген. Бұл туралы The Daily Mirror жазды.

Страница 1 из 375

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші