Шымкенттің климаты жұртты тағы таң қалдырды (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Шымкенттің климаты жұртты тағы таң қалдырды (ВИДЕО)

02.12.2016, 11:03

Оңтүстік Қазақстан облысында қараша айының орта тұсында ауа райы күрт бұзылып, бірнеше күн бойы қар жауған болатын. Дегенмен, қазіргі уақытта Шымкент пен қала іргесіндегі елдімекендерге көктем қайта келгендей. Күн жылынып, қар атаулы түгелімен еріп кетті.

Ал, Ташкент тас жолының бойындағы ауа райының ерекше құбылысы жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын таң қалдыруда. Мұнда жолдың бір жақ бетінде қар еріп, көктемнің көрінісін берсе, екінші жақ бетінде әлі қыс, яғни қалың қар жатыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші