Бүгінгі сөз - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Бүгінгі сөз

Халқының 70 пайыздан астамын қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең кедейлері көп шоғырланған өңір деп танылып отыр. Ranking.kz порталы жүргізген зерттеу нәтижелеріне сенсек, облыстағы 290 мыңдай адам сіңірі шыққан кедей көрінеді.

Біздің елдің саясатында "Біреуді құртқың келсе мақтай бер" деген ұстаным бар. Әсіресе, "мына азамат мықты іскер екен, болашақ президент болатын адам ғой..." десең бітті, мақтаған сол адамың көп ұзамай қызметтік құлдырауды бастан кешеді. Тіпті, жемқорлық бабымен сотталып кетуі де әбден мүмкін.

Бүгін кеңейтілген алқа мәжілісінде есеп берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жыл мен биыл жеткен жетістіктерін айтып, жиналған жұрт алдында ағынан жарылды. Алайда, министрлік қандай жетістіктерге жетсе де Арыстанбек Мұхамедиұлының ауыратлет Илья Ильинге телефон тасып жүгіргенін әлі ұмытқан жоқпыз дейді Facebook қолданушысы Қазыбек Бейсебаев.

Алматылық кәсіпкер, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Ахметбек Нұрсиланың айтуынша, қазақ халқы әліге дейін «қалың ұйқыдан оянбай», бейғам жатыр. Елді жалаң патриотизм пен жалқаулықтан арылуға шақырған ол патриоттықты сөзбен емес, іспен көрсету керектігін айтуда.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Панфилов ауданына қарасты Еңбекші орта мектебінде болып, мектеп басшылығының бірқатар кемшіліктерін анықтады. Сондай-ақ, оқу ордасының директорына ескертулер айтқан идеолог бір маманның бір қызметте ұзақ жұмыс істеуі жақсылыққа апармайтынын да ескертті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын зерделеу және оны жандандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Лаңкестер мен экстремистер бас бостандығынан айыру орындарындағы әлеуметтік ортаны түбегейлі өзгертті. Бұл туралы бүгін лаңкестікпен күрес мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстелде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

Зейнетақы қоры тағы миллиардтардан қағылды! Ел қаржысы сеніп тапсырылған мекеме бұл жолы инвестициялық қателіктердің кесірінен бақандай 9 миллиард теңге шығынға батқан деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қордағылар мұны әдеттегідей теңгенің құнсыздануымен түсіндірді. Жалпы, соңғы кездері зейнетақы қорындағы жағдай жақсы болмай тұр. Басшыларының да осыдан үш апта бұрын 5 миллиардтың талан-таражға салынуына байланысты ұсталғанын айта кетейік.

ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазақ қыздарының жаппай қытайлықтарға тұрмысқа шығуы туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. Соңғы 6 жылда шығыстағы көрші елге тек 34 қыз ғана келін болып түскен екен.

Павлодар тұрғындары жергілікті кинотеатрлардың мемлекеттік тілге деген көзқарасын түсіне алмай әлек. Өңірде Қазақ хандығының мерейтойына орай түсірілген "Алмас қылыш" фильмі тек орыс тілінде көрсетіліп жатыр деп ашынады көрермендер. Осылайша, кинотеатрлар көрермендерді таңдау құқығынан айырып отыр. Бұл туралы Total.kz порталы жазды.

Страница 1 из 25

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші