Қазақстандық танымал спортшы биліктің былығын ашып айтты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қазақстандық танымал спортшы биліктің былығын ашып айтты

09.01.2017, 10:26
Қазақстандық танымал спортшы биліктің былығын ашып айтты Today.kz

Ережесіз жекпе-жектен ММА бойынша Қазақстанның танымал спортшысы Қуат "Найман" Хамитов елімізде тұрғындарды уақытша тіркеуге алу туралы заңның енуіне қарсылық білдіріп, билікті өткір сын астына алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Спортшының осынау ойы бір тәулік ішінде ең көп талқыланған жазбалардың біріне айналды, оған 300-ден астам адам пікір білдірген.

"Біздің елде проблема өте көп: оларды санап шығу үшін менің де, менің достарымның да саусақтары жетпейді. Ауылдар өліп жатыр, барлық жерде жұмыссыздық, қысқартулар жүріп жатыр. Азық-түліктің, коммуналды қызмет түрлерінің, жалпы бәрінің бағасы қымбаттауда. Байғұс зейнеткерлер айлап аштықта күн көруге мәжбүр. Алматыдан 100 шақырым ұзап шықсаң мүлдем басқа өмір - жолдар 45-ші жылдан бері жөнделмеген. Жастар ішкішке айналып барады. Өлімнің, қылмыстың саны артуда. Жұрттың бәрі қалаға қарай қашып жатыр, аштан өлмес үшін. Енді осының бәрінен кейін тұрғындар өз елінде жүріп-тұрғаны үшін тағы ақша төлеуі керек пе??? Құдай атымен ант етемін, егер мені кімде-кім тіркеу мәселесі бойынша мазалайтын болса мен оны сол жерде көміп тастаймын. Қазақстан мұнайы, алтыны, газы, күмісі, ураны, мысы, алюминий, көмірінің қоры бойынша әлемдегі алдыңғы қатарда тұр. Халық оның қызығын онсыз да көріп отырған жоқ. Енді осыған қарамастан бұлар халықты тағы тонағалы отыр ма??? Нағыз патриот "Алға Қазақстан" деп бос айқайлайтын адам емес, ол - халқының ауыртпашылығын сезіне алатын адам! Біздің елде осыншама проблема бар, ал бұлар тағы да заң ойлап табуда", - дейді әйгілі палуан Қуат Хамитов.

Еске сала кетейік, Қазақстанда «Экстремизм мен терроризмге қарсы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңға қол қойылған болатын. Аталған Заң бойынша азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттеліп отыр. Сонымен қатар, пәтерді жалға берушіге де, алушыға да рұқсат қағазы болмаса, айыппұл салынатын болады. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, мұндай шара заңсыз пәтер жалға берушілер санын азайтып, ішкі миграцияда есеп жүргізуге себеп болады.

Пікір  

+ +4 Фатима 09.01.2017 11:00
ҚУАТ БАУЫРЫМДЫКІ РАС ӘҢГІМЕ!!! ҚАЙРАН МОМАҚАН ҚАЗАҚ!
Жауап беру
+ +5 Фатима 09.01.2017 11:05
ҚУАТ БАУЫРЫМ ДҰРЫС АЙТАДЫ АЩЫ БОЛСА ДА ШЫНДЫҚ
Жауап беру
+ +1 Айнур 09.01.2017 12:55
Ауылдан калага жумыс издеп келген адамдарды ким тиркейди уйiне, казiр туысында тiркемейдi.Коленкесiнен корку заманы басталды деу керек.
Жауап беру
+ +1 аслан 09.01.2017 13:46
куат бауырым сендеи жгиттермз куп болса булаи болмас едиго
Жауап беру
+ +1 Жазира 09.01.2017 14:18
Куат бауырым, сен сиякты казак жер!не, ел!не жаны ашитын азаматтарымыз коп болсын!!!
Жауап беру
+ +1 Манас 09.01.2017 14:31
Дурыс,
Жауап беру
+ +2 Еркін 09.01.2017 17:05
Керемет!!!
Жауап беру
+ +2 Бек 09.01.2017 20:04
бюджеттің жыртығын жамау ғой қара халықтың есебінен
Жауап беру
+ +2 Дос жігіт 10.01.2017 01:52
Куат базар жок жігіт екенсін)) молодец
Жауап беру
+ +2 баха 10.01.2017 15:43
Куат сенің пікірің 1000% пайыз дұрыс!!
Жауап беру
+ +1 Болатбек 10.01.2017 16:11
Билiктегiлер ауыспайынша осылай бола бередi.
Жауап беру
+ +1 Мади 10.01.2017 20:47
Биліктің ауысуында емес бастағы ақылмен жүректегі иманның болмауы қанша билікті ауыстырсаңда бұндай былықтар шыға береді
Жауап беру
+ 0 Бақытжан 10.01.2017 16:40
Дұрыс бауырым
Жауап беру
+ 0 жұма 11.01.2017 10:22
айтуың дұрыс
Жауап беру
+ 0 Сәт 11.01.2017 11:17
Көш-қон полициясының ұсынуымен өтіп кеткен заңды түсінбеймін. Мысалы Қазақстанға ресей азаматы келсе ол отыз күн тіркеусіз жүре алады, ал Қазақстан азаматы тек он күн, сосын шаруаң бітті.
Жауап беру
+ -1 Сәт 11.01.2017 11:21
Үкімет 2017 жылдан бастап ішкі туризімді дамыту керек соны қолдап қаражат бөлеміз деп сайраған болатын. Ал мынадай тіркеумен кайда барып қыдыра аласың.
Өскеменді көрсем ба деп жүр едім енді ол арманда қалатын шығар, одан да сол баяғы Түрік ағайындарға беретін шығармыз ақшамызды.
Жауап беру
+ 0 марат 11 01 2017 11 11.01.2017 12:32
минитер тусинбеген тиркеуди карапайым адам калай тусинеди бауржан сеники уте дурс
Жауап беру
+ 0 Жанашыр 11.01.2017 17:36
Қалаға дем алуға келген адам ЦОН аралап жүру керек пе сонда?!Тіркелуім керек деп. Айналдырған 10-20 күнге келеді.Не деген ақымақтық! Қуат бауырымдікі өте дұрыс ,халықпен санасу керек қой. Өздері би,өздері қожа.Ойларына не келсе, соны істейді,сұмдық!
Жауап беру
+ 0 саке 13.01.2017 19:46
халықты ашық тонаудың бір әдісі ғой, соңғыф тиынына дейін алып қытайға сатып жібермекші деп ойлаймын, ешнәрсе көрмеген құгыққан көргенсіздер бәрі, ұят болды бүкіл әлемнен...
Жауап беру
+ 0 бишара 16.01.2017 14:04
отандастар Курултаи жинау керек далада ортада жаяу келем мналар казактарды кырыптастаидды
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші