Прокурорлардан қысым көрдім деген тараздық кәсіпкер өзін өртегелі жатыр (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Прокурорлардан қысым көрдім деген тараздық кәсіпкер өзін өртегелі жатыр (ВИДЕО)

25.12.2016, 12:43
Прокурорлардан қысым көрдім деген тараздық кәсіпкер өзін өртегелі жатыр (ВИДЕО) Facebook

Құқық қорғау органдары құқығымды таптады деп шағымданған тараздық кәсіпкер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бас прокурор Жақып Асановтың атына үндеу жолдады. Ерлан Сәди есімді азамат Тараз қаласының прокуратурасын заңсыз әрекеттерге барғаны үшін айыптап отыр. Ал, егер заң органдары тарапынан әділдік орнамаса 27 желтоқсан күні өзімді өртеймін дейді ол.

Ерлан Сәди - кәсіпкер. Бұған дейін оның компаниясы Тараз қаласындағы этномәдени орталықтың құрылысын толықтай жүргізген екен. Алайда, бизнеске негізделген компанияның пайда табуына болмайды деп жаңалық ашқан прокурорлар кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғап, оны 5 жылға соттаған.

- Екі шаруашылық нысанның арасындағы азаматтық-құқықтық дауды Тараз қаласының біліксіз прокуроры қылмыстық іске айналдырып жіберіп, менің үстімнен іс қозғады. Бұл өз кезегінде менің конституциялық құқықтарымды таптау және бизнесімен көрсетілген қысым болып есептеледі", - дейді кәсіпкер.

2013 жылы оның компаниясы этномәдени орталықтың ғимаратын салып берген. Жекеменшік компания болғандықтан атқарған жұмысы үшін пайда да тауыпты. Алайда, прокурорлар оның тапқан пайдасын мемлекеттің қаржысын жымқыру деп түсініп, дереу абақтыға жапқан.

"Прокурордың пікірінше, бизнес деген тек келтірілген шығынды жабумен шектелу керек. Ал, оның үстінен кәсіпкер бір тыйын пайда көрсе, онда ол сеніп тапсырылған қаржыны жымқырған қылмыскер болып шығады. Сонда оның несі бизнес? Кәсіпкер пайда таппаса не үшін жұмыс істеуі керек? (...) Сотқа дейінгі тергеу амалдары өте өрескел заңбұзушылықпен жүргізілді. Тергеушілер мен судьяның заңсыз әрекеттері салдарынан мен 7,5 ай бойы тергеу абақтысында қамауда отырдым. Артынша мені Тараз қаласының №2 соты 5 жылға бас бостандығымнан шартты түрде шектеді. Тергеу абақтысында жатып мен өзімді және туыстарымды қорғау мүмкіндігінен айрылдым. Апелляциялық комиссия мені ақтаудың орнына керісінше, үкіміме тағы 2 жыл қосып берді. Менің әрекеттерімде қылмыстың иісі де шықпайды. Не прокурор, не сот менің заңды шағымдарыма мардымды жауап бере алмады. Енді бұл аздай, өзін жәбірленушімін деп есептеген екінші кәсіпкер - құрылысты жүргізуге тапсырыс беруші әйел менің үстімнен Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіріпті. Ол менің 7 жылға сотталғанымды аз көріп, жазаны қатаңдатуды сұрап отыр. Ал, егер сот әділдік танытпаса мен өзімді өртеуге мәжбүрмін", - дейді Ерлан Сәди.

Айта кетейік, осыдан бірнеше апта бұрын Астанадағы Бас прокуратура ғимаратында әділдік іздеген әйел өзін өртеп, артынша қайтыс болған еді. Ал, осы апта басында Шымкентте де өзін әділдетсіздіктің құрбаны болдым деген шымкенттік азамат ОҚО прокуратурасының алдына барып, өзіне өрт қойған болатын. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Сондай-ақ, шымкенттік тағы бір тұрғын өзін қарағандылық кәсіпкерге алданғанын айтып, құқық қорғау органдары көмектеспесе өзін өртейтінін мәлімдеген.

Пікір  

+ +2 Kayrat 25.12.2016 18:43
Все чаще и чаще простым людям приходится обращаться с криком души к Президенту страны! Все чаще и чаще гражданам приходится защищаться от тех, кто по долгу службы обязан вершить правосудие, блюсьи закон! Уже люди пошли на крайности!
Жауап беру
+ +1 Актоты 26.12.2016 15:39
Сади Ерлан Ескермесулы "Омир алма кезек" жане "Озиннен зор шыкса еки козин сонда шыгар" деген енди озиниз издеп отырсыз соттан адилеттикти. Кезинде 2009 жылдары бизде сизге карсы шыккан едик, сол Тараздагы сотка жугинип, енбек акымызды ала алмай ТОО "СамалСезим"- нен, соттын укими биздин пайдамызга шыкса да осы кунге деин бир тиын алганымыз жок. Маселенин барлыгы бурынгы ТОО "СамалСезим"- нен келе жатыр, махинатциянын барлыгы сол кезде басталган. Сол мекемени каншама карызымен жауып тастап, артынша осы ТОО "Южные Ворота" директор болып кеттиниз. Каншама устинизден сот ис козгаган сатте жапкызып тастаушы единиз ойткени сиз Акмарал Демешеванын куйеуисиз, иа карындасы Сенат жогаргы палатадагы Демеш Кенесбек Мынжасарулы. Бул жолы ис насырга шауып кетти. Катты айтсам кеширениздер.
Жауап беру
+ 0 Рамида 27.12.2016 22:28
Ия бұл адам талай адамдарды алдаган. Енді елден комек сурап отыр ұялмай. Бұрын Самал-Сезим болса енді Южные варота болып елді лактырып жүр.
Жауап беру
+ 0 Abzal 29.12.2016 00:58
Бұл азаматтың не шын, не өтірік айтып отырғанын қосымша тексеріс жүргізіп, аталған фирмаға сын-пікірлері бар тұлғалардың арыздарын жинағаннан кейін барып белгілі болады. Меніңше мұндай өтірік мүләйімсіп, тырнақ астынан кір іздейтін тұлағалар да елімізде жетерлік. Тек, әділ таразы басында өлшенсе екен деп тілеймін ақ-қарасы
.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші