Саясат - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Саясат

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйдың айтуынша, екі елдің арасындағы өзен-суларды бөлу мәселесін шешу үшін нақты принциптерді анықтап алған жөн, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев 2005 жылы елде орын алған наурыз төңкерісі туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазды. Осыдан тура 12 жыл бұрын 24 наурыздағы оқиғаның қалай басталғанын ол өз көзімен көргенін айтып отыр.

Әкімдер келеді. Әкімдер кетеді. Олардың атқарған жұмысы, халыққа көрсеткен қызметі елдің есінде қалады. Оңтүстік Қазақстан облысын талай әкім басқарды. Соның ішінде бір жылдан сәл ғана астам уақыт өңірге басшылық жасаған Бейбіт Атамқұлов турасында жұрт жақсы пікірде қалған секілді. Оның ең басты көпшіліктің назарына ілінген жері – тазалығы дегенді көп адамның аузынан естідік.

Бүгін Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты серіктестіктің жаңа белеске шыққанын айтқан болатын. Сондай-ақ, Елбасы өзбек елінің басшысына үлкен сенім артып отырғанын да мәлімдеді.

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев екіжақты кездесу өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін отандық телеарналарды әншілер "жаулап алды" деп көрермендер жиі шағымданатын. Расымен де, қай телеарнаны қоссаңыз да беті жылтыраған эстрада жұлдыздары жұртқа ақыл айтып немесе өтірік күліп отыратын. Коммерциялық телеарналар болса мақұл, мемлекеттен қаржыланатын "Қазақстан" мен "Хабарыңыз" да эфирді журналистерге емес, әнші-әртістерге беріп қойған.

Сирия қарулы оппозициясының делегациясы Астанада өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзіне келмейді деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. Оның сөзінше, оппозиция өкілдерінің Астанаға келмейтіні туралы ақпарат кеше кешке түскен.

Бокстан 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің жуырда Мәжіліске депутат болып бекітілгені хабарланған болатын. Парламенттің төменгі палатасында даңқты спортшы әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмыс істейтін болады.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельді террористерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптады. Бұл сөзін Түркия басшысы Haber Turk телеарнасында болған сұхбатта мәлімдеді.

Астанадағы Есіл аудандық №2 соты ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты қамауда ұстау мерзімін 12 мамырға дейін ұзартты. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Страница 1 из 56

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші