Геннадий Головкин америкалық радиоға ашық сұхбат берді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Геннадий Головкин америкалық радиоға ашық сұхбат берді

12.01.2017, 09:43
Геннадий Головкин америкалық радиоға ашық сұхбат берді AllFight.Ru

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, төрт бірдей чемпиондық белбеудің иесі қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Power радиосындағы The Breakfast Club бағдарламасының қонағы болып, ашық сұхбат берді.

Сұхбат барысында Головкин алдағы жекпе-жегі жайында және өз қарсыластарының деңгейі туралы сынға жауап берді.

- Өзге боксшылардың менен неліктен қашатынын білмеймін, бұл менің проблемам емес. Бапкерім Абель Санчестен сұрап көріңіздер, бәлкім ол кісі білетін болар, - дейді қазақстандық боксшы.

Оның айтуынша, кез келген боксшы GGG командасымен келіссөздер жүргізе алады.

- Бәріңіз білесіздер, мен кіммен болса да кездесуге дайынмын. Кез келген боксшының келіссөз жүргізуіне ашықпыз. Қазір қиын жағдайда жүрмін. Бәрі айтады: "Мен мықтымын, сенімен келесі жекпе-жекті өткізуге дайынмын" деп. "Міне келісім, қолыңды қой да рингке шық" десем жоғалып кетеді. Ешкім менімен рингке шыққысы келмейді, - дейді Головкин.

"Рингке шығып алып, қорыққан кездеріңіз болды ма?" деген сауалға Головкин:

- Жоқ, ешқашан қорыққан емеспін. Маған бокс ұнайды, рингте өзімді өте жақсы сезінемін. Жекпе-жекті барынша қызықты етіп өткізуге тырысамын. Бұл мен үшін тек спорт, - деді ол.

Естеріңізге салайық, қазақстандық боксшы келесі кездесуін 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен өткізеді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші