Сыр-сұхбат - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Сыр-сұхбат

Апта басында бүкіл әлемнің назары Астанаға ауғаны белгілі. 6 жылдан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан Сириядағы азамат соғысын тоқтату мақсатында әлемдік қауымдастық Қазақстанның төрінде бас қосты. Екі күнге созылған келіссөздер толықтай соғысты тоқтатып тастамаса да алғаш күткен нәтижелерін берді дейді шетелдік сарапшылар.

Жаңғырығы әлі басылмаған, әрі қазағымызға рух беретін Желтоқсан көтерілісіне отыз жыл толып отыр. Алматыда болған оқиғадан түрлі себептермен шет елдерде жүрген азаматтар да тысқары қалған жоқ. Өз пікірлерін ашық айтуға, көзқарастарын батыл білдіруге тырысқандары көп. Осы орайда, сол жылдары Москвада білім мен тәжірибені ұштастыра мамандық меңгерген, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Спандияр Бекжігітовпен сұхбаттасқан едік.

Астана қаласында өткен үкiметтiк емес ұйымдардың VII Азаматтық форумы елiмiзде азаматтық қоғам институтын күшейтуге бағытталған iс-шаралардың бiрi екенi даусыз. Бұл ретте аталған басқосуды ұйымдастыруға ұйытқы болған ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Н.Ермекбаевпен жолығып, сұхбаттасудың сәтi түскен едi.

Бүгін барша алаш жұрты, бүкіл Қазақстан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Бұл қазақ халқы үшін өте қасиетті күн. Бір тамшы да қан төгілмей бір күнде келген егемендігіміздің артында қаншама қазақтың жаны, көз жасы тұрғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Арғ хандық заманды айтпағанда, бергі кеңестік дәуірде біздің аталарымыз, әкелереміз тәуелсіздік деген осынау ұғымды қаншама жыл аңсады десеңізші?!

Тәуелсіздік деген – тәтті сөз. Осы Тәуелсіздіктің тамырын тану үшін алдымен Желтоқсанның қадірін түсінуіміз қажет. «Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов – ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар тұлғалы ұлы ақын. Кешегі Желтоқсан көтерілісі кезеңінде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегі қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің алпауыттарына басын бәйгеге тіге отырып қарсы шыққан, сөйтіп, ұлтымызды үлкен әділетсіздіктен қорғап қалған осы жігіт еді ғой...

Белгілі антрополог ғалым, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлұлының айтуынша, Қазақстанға Кейкінің басы деп әкелінген бас сүйек мүлдем өзге адамға тиесілі болуы мүмкін. Биліктегілер оны отандық ғалымдармен еш ақылдаспай, өздері көтеріп әкеле салған дейді ол.

Назгүл Қожабекова 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. М. Дулатов атындағы №136 қазақ орта мектебін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «Әдеби шығармашылық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология магистрі. Баспа ісі, деректі фильмдер шығару саласында жұмыс істеген. 2011 жылдан бері Интерньюс қызметкері. Телебағдарлама, онлайн-ресурстар әрі веб-жобалар редакторы, медиатренер.

Ақтөбеде орын алған соңғы лаңкестік оқиға биліктен батыл қадамдар жасауды талап ететіндей. Бес жыл бұрынғы терактілерден кейін дін саласына үлкен өзгерістер енгізе қоймаған үкімет бұл жолы нақты шараларды қолға алады ма? Салафизм идеясының қауіпті екеніне кеш болса да көз жетті. Енді оны қалай тоқтатуға болады? Бұл туралы елімізге танымал теолог-ғалым Досай Кенжетаймен болған сұхбат барысында сұрап көрдік.

Қаржы дағдарысы немесе саяси дағдарыстар орын алған кез-келген мемлекетте діни секталардың, миссионерлердің белсенділігі күрт артатыны белгілі. Өзге елді мысалға келтірмей-ақ мұндай жайт тоқсаныншы жылдары өзіміздің де басымыздан өткенін айта кету керек. Сектанттар үй-үйді аралап, кітап таратып жүретіні әлі есіңізде болар?!

Өзін көкбөрінің ұрпағымыз деп есептеген бабаларымыз қасқыр аңын ерекше кие тұтқанын жақсы білеміз. Түркі қағанаты кезінде байраққа бөрінің суреті бейнеленсе, қасқырдың тырнағын, тісін тұмар ету үрдісі қазақта әлі бар. Өйткені, қасқыр – ержүректіктің, батырлықтың символы, оның иісінен жын-шайтанның өзі аулақ жүреді деген сенім бар.

Страница 1 из 4

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші