Заң-заман - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Заң-заман

Биыл қаңтар айында орын алған осынау қанды қылмыс бүкіл елді дүрліктірген болатын. Із-түссіз жоғалып, кейін азаптап өлтірілген денесі табылған Өркеннің өліміне қатысты күдіктілерді полиция ізін суытпай ұстады. Басты күдікті - өгей анасы, ал қылмысты жүзеге асыруға көмектескен марқұмның өгей бауырлары.

ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары "бопсалау" дерегі бойынша 36 жастағы Шымкент тұрғынын қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғынның видеокамераға жазылған жеке материалдарын интернет желісінде жариялаймын деп қорқытып, ақша талап етіпті.

Кеше қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовтың соты Алматыда басталғанын хабарлаған болатынбыз. Сот отырыстары Әблязовтың қатысуынсыз, үкім де сырттай шығарылатын болды деп жазады Tengrinews.kz.

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шығатын болды деп хабарлады 31-телеарна. Сот алқасы «Метталургия-Металлөңдеу» компаниясының экс-директоры Болатбек Ысқақовтың мерзімнен бұрын шығу туралы өтінішін толықтай қанағаттандырды.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары Алматыда кішкентай сәбиін сатпақ болған жас әйелді ұстады деп хабарлайды Patrul.kz.

Қарағанды облысы Абай аудандық соты терроризм туралы жалған мәлімет таратты деп сотталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактің сотталу мерзімін қысқартты деп жазады Informburo.kz.

Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевқа рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырды деген айыптармен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Четыре брата" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарды қамауға алу мерзімін сот тағы бір айға созды деп хабарлайды Ақтөбе облысық сотының баспасөз қызметі.

Страница 1 из 23

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші